Риддерлік әйел мәселесін айту үшін ШҚО әкімінің артынан велосипедпен қуды

06.08.2023, 10:39
967
Риддерлік әйел мәселесін айту үшін ШҚО әкімінің артынан велосипедпен қуды yk-news.kz

Риддерге келген ШҚО әкімі Ермек Көшербаевты риддерлік Татьяна Морозова велосипедпен қуып жеткен. Бұл жайында smartnews.kz сайты хабарлайды.

Yk-news.kz сайтының мәліметінше, Риддер қаласының тұрғыны Татьяна Морозова облыс әкімінің артынан велосипедпен ерген. Жергілікті тұрғын Морозова Үшінші ықшам ауданнан велосипед арқылы қала орталығына келіп, Ермек Көшербаевқа көкейіндегі сұрақтарын қойған. 

Татьянаның сөзінше, ол аймақ басшысын жылу желілерін жөндеу жұмыстарының барысымен танысуға келген кезде байқаған. Татьяна әкімге түйткілді мәселесін айтпақ болған, бірақ кортеж жылдам кетіп қалған. Сондықтан Риддер тұрғыны әкімді велосипедпен қуып жетпекші болған. Солай велосипедші әкімді қуып жетіп, қаладағы автобустар мәселесі туралы сұрағын қойған. 

- Автобустардың жүруі өте нашар, сондықтан біз велосипедке көштік. Автобустардың жөнді жүретін кезі бола ма өзі, жоқ па?, — деп велосипедші әйел әкімнен сұраған.

Облыс әкімі тұрғынға өз сауалын қала басшысына қоюға кеңес берді.

- Шешілуі керек мәселелер көп. Тағы қайталап айтқаныңыз дұрыс болды. Бұл қалаға жаңа әкім келді, соған жүгініңіз. Бұл мәселені сол әкім шешіп береді. Тасымалдаушыларға субсидия бөлінбеген шығар, олар шығындалса, жұмыс істей алмайды. Қарастырамыз. Мемлекет тасымалдаумен айналыса алмайды. Жеке кәсіпкер өз автобустарымен келеді. Конкурсты жеңіп, шығындардың бір бөлігін өзі мойнына алады, ал қалғаны бюджеттен өтеледі", — деп жауап берді аймақ басшысы әйелге. 

Сондай-ақ Yk-news басылымының айтуынша, Татьяна Морозова қымбат баға мен қаладағы ауызсу орындарының көптігі туралы сұраған. Әйел сол ауызсу беретін қоғамдық жерлердің орнына балалар дәмханасын ашқан дұрыс болады деп санайды. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды