Ердоғанның қарсыласы Кемал Қылышдароғлы жол апатына ұшырады

06.08.2023, 11:03
1009
Ердоғанның қарсыласы Кемал Қылышдароғлы жол апатына ұшырады AA Photo

Режеп Тайып Ердоғанның президенттік сайлаудағы қарсыласы, оппозиционер Кемал Қылышдароғлы жол апатына ұшырады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Түркиядағы Star басылымының берген ақпаратына сәйкес, оппозициялық халықтық-республикалық партияның жетекшісі, президенттікке бұрынғы кандидат Кемал Қылышдароғлының кортежінде 7 көліктің қатысуымен үлкен жол апаты болған.

Сондай-ақ, жол апатына журналистер мінген шағын автобус та түскен. Оқиғаның салдарынан екі адам, оның ішінде біреуі БАҚ өкілі зардап шеккен. Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз.

Еске сала кетсек, өткен сайлауда оппозицияның ортақ кандидаты Кемал Қылышдароғлы 48 пайызға жуық дауыс алған. Анкарада сөйлеген Кемал Қылышдароғлы "бұл сайлау Түркия тарихындағы ең әділетсіз сайлау болды" деп мәлімдеп, демократия жолында күресе беретінін айтқан. Артынша Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудағы басты қарсыласы Кемаль Қылышдароғлудың үстінен сотқа 28 талап арыз түсірді. Егер Ердоғанның талабы қанағаттандырылса, қарсыласы 110 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды