Арыс қаласында белгісіз біреулер үй салып жатқан 4 адамды атып кетті

06.08.2023, 17:16
977
Арыс қаласында белгісіз біреулер үй салып жатқан 4 адамды атып кетті smartnews.kz

Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетсек, кеше екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен 2 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазір арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. «Ұстап алу» жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталу үстінде.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды