Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді Отбасының цифрлық картасы арқылы алуда

07.08.2023, 11:51
884
Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді Отбасының цифрлық картасы арқылы алуда smartnews.kz

Отбасының цифрлық картасы аясында қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласында өзіне тиесілі мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде алып, оның оң әсерімен бөлісуде, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Солихамо Содикова 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі жәрдемақысын рәсімдеу бойынша тәжірибесімен бөлісті.

«Телефоныма менің деректерім бар хабарлама келді. Тек оларды растау керек болды. Бір жаққа барудың, құжат пен өтінім тапсырудың қажеті болмады. Хабарламаға жауап берсең болды, барлығы дайын! Бұл өте ыңғайлы, маған ұнады, қызметтерді жеңіл әрі тез аласын», - деді Солихамо.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптасқан. Бүгінгі таңда жүйеде 19,7 млн-нан астам еліміздің азаматтарының немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Азаматтар қандай да бір өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде олардың базада тіркелген ұялы нөмірлеріне тиесілі қолдау шарасы көрсетілген SMS хабарлама жіберіліп, оған бірден жауап беру арқылы қызмет алу уақытын едәуір қысқарта алады. Ал өтінімді ресімдеу үшін ХҚКО немесе басқа мекемеге жүгінудің қажеті болмайды.

Жыл басынан бері 536 мыңнан астам хабарлама жолданып, оларға 192 мыңнан астам адам өтінішсіз өз төлемдері және жәрдемақыларын алды.

Айта кету керек, осы немесе өзге де мемлекеттік қызметті проактивті алуға мүмкіндік беретін SMS-тен басқа, ОЦК көмегімен зейнеткерлік жасына жетпей 2 ай бұрын зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы, берілген/ұзартылған «қандас» мәртебесінің аяқталу мерзімі туралы, сондай-ақ жұмыссыздарға жұмыс іздеу, тегін оқудан өту мүмкіндіктері және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы автоматты хабарламалар тетігі іске асырылды.

Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында тек 1414 Бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беріп, қосымша сұрақтар бойынша 1414-ке хабарласуға болады.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)