Самокатшылардың «қара тізімі» түзілуі мүмкін

07.08.2023, 13:19
608
Самокатшылардың «қара тізімі» түзілуі мүмкін smartnews.kz

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова самокат қозғалысын реттеу үшін қандай ұсыныстар қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Самокаттарды жалға беретін кикшерингтік компаниялар жалпы «жосықсыз клиенттер тізімін» құруды ұсынып отыр. Жол қозғалысы ережелерін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзатын, скутерді дұрыс емес жерде қалдыратын пайдаланушыларға барлық компания бір мезгілде қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ, полиция патрулі үшін электр скутерлерін пайдалану ұсынылды, - деді А. Боранова ҚР ІІМ апталық брифингінде.

Спикердің айтуынша, скутер пайдаланушылары үшін арнайы мобильді қосымша арқылы хабарламалар жіберу қарастырылып жатыр. Бұл ретте скутер арнайы бөлінген орындарға қойылмаса, сапар аяқталмайды (ақы алу жалғасады).

Жарықсыз учаскелерде, қала сыртындағы трассаларда және кәмелетке толмағандарға электр скутерлерін пайдалануға тыйым салу ұсынылды. Балалардың электр скутерлерін пайдалануын болдырмау үшін салмақ категориялары бойынша тыйым салу енгізіледі. Мысалы, 30 келіден асатын қолданушыларға ғана рұқсат беріледі, - деді Ақтоты Боранова.

Айта кетейік, 30 тамыздан бастап жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салынады. Құқықбұзушылықтар анықталса, олар ӘҚБтК 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тартылады.

Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, электр скутерлерінің қарқынды дамуы мен бей-берекет жұмыс істеуі оларға толық тыйым салуға әкелуі мүмкін. Сондықтан, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін скутерлерді пайдалануды реттеу мәселесі өте маңызды және оның шешілуін жол қозғалысының барлық қатысушылары күтеді. Біз өз тарапымыздан кез келген ұсыныстарды өңірлік және орталық деңгейлерде қарастыруға дайынбыз, - деді Ақтоты Боранова.
Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)