"Театрдың айналасы алқаштардың ұясы болған": Майра Мұхамедқызы директорлық жұмысын неден бастағанын айтты

07.08.2023, 13:58
10284
"Театрдың айналасы алқаштардың ұясы болған": Майра Мұхамедқызы директорлық жұмысын неден бастағанын айтты 24.kz

Опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкенттегі опера және балет театрын аяқтан тұрғызу үшін қандай қиындықтарды бастан кешіргенін айтты. Бүгінгі таңда директор болып қызмет атқаратын өнер адамы бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімелеп берді.

Талай шетелдік танымал опера театрлары жұмыс істеуге шақырған Майра Мухамедқызы Шымкент қаласында үш жылдан бері опера театрын басқарып келеді. Өнер адамы ең алғаш оңтүстік мегаполиске келіп, директорлық қызметті неден бастағанын сұхбатта әңгімелеп берді.

"Театрдың айналасы алқаштардын ұясы болған, сенесіз бе? Темір-терсектің, декорацияның бәрін ұрлап сатып, матрастарда жататын алқаштар. Қазір тап- таза. Театрдың ішінен бастап сыртына дейін тазаладық. Үшінші жыл дегенде аяғымыздан тұрып келе жатырмыз",- деді Майра Мұхамедқызы.

Опера әншісі директорлық қызметін әжетхананы жөндетуден бастағанын тілге тиек етті.

"Он әжетхананың біреуі ғана істеп тұрды. Он алтыншы қаңтарда "Кармен" операсы болды. Үзілістен шықсам, кезек. Мүгедек баланы анасы әжетханаға кіргізе алмай тұрды, "бір-ақ туалет істеп тұр" деді, кейін мен жүгіріп демеуші іздей бастадым", - деді Шымкент опера және балет театрының директоры. 

Бұдан бөлек Майра Мұхамедқызы кейін демеуші тауып, ғимаратты жөндеткенін, шаршаған кезде ән айтып демалатынын атап өтті.

"Одан кейін театрдың төбесі, барлық жер тесік. Су ағып тұрды, жаңбыр жауса барлық жерге шелек қойып жаңбырмен алысамыз. Демеуші тауып, осының бәрін жөндеттім. Мүгедектерге арналған әжетхана салып берді. Бірінші жұмысымды әжетханадан бастадым", - деді өнер адамы. 

«Лифтіні сындырған»: Астанада екі ер адам лифтіде бір-бірін сүйген (ВИДЕО) Төреғали Төрәлінің әкесінің желіде жариялаған видеосы көпті алаңдатып қойды Раушан Құдайбергеннің кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды (ВИДЕО) «ЭКСПО ісін» қайта қарау: Ермұрат Бәпи Бас прокуратурадан әділдік талап етті Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматтары ұсталды «Жағдайы ауыр»: Оралда доп теуіп жүрген баланы ток ұрды Ұлттық ұланда 6 тіл білетін сарбаз қызмет етеді Ұлттық ұланда 30-дан астам ұлт өкілдері қызмет етіп жүр Ақтөбелік студент жасанды интеллект арқылы Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады Рахат Әлиевтің анасы өмірден өтті Ардақ Назаров той үшін несие алуға тыйым салып, ажырасатындарға жарна енгізуді ұсынды Қазгидромет мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын жеткізді «Қан кетіп, жүрегі соқпай қалды»: Майра Мұхамедқызы 43 жасында тұңғыш қызын қалай өмірге әкелгенін айтты Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы марқұм Нұрғанатты марапаттау керегін айтты «Өзі қолыма құлап өлді»: ер адам 86 жастағы анасын өлтіріп, оны оқыс жағдай ретінде көрсетпек болған «Ақша төлеуің керек»: Баян Мақсатқызының жаңа жобасын әйелдер қауымы сынға алды (ВИДЕО) Қарағандыдағы сатушы қыздың өлімі: қаскөй өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты «Ақтөбе» футбол клубында 250 млн теңге ақша жымқырылған Атыраулық жүкті әйелді тонап, өлтіріп кеткен күдіктінің фотосы жарияланды Ақбота Керімбекова ұлының тойына келмеген бұрынғы күйеуіне ренішін жеткізді