Астанадан СҚО-ға көшетіндерге баспана ақысына субсидиялар мен гранттар беріледі

07.08.2023, 14:50
631
Астанадан СҚО-ға көшетіндерге баспана ақысына субсидиялар мен гранттар беріледі smartnews.kz

7-9 тамыз күндері Астана қаласының еңбек мобильдігі орталығында СҚО Жамбыл ауданына қоныс аудару бойынша кеңес өтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Шара «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылады. Мұнда базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, елдің көліктік-транзиттік әлеуетін көтеру есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру мақсаты көзделген.

«Қоныс аудару кезінде азаматтарға 4 млн теңгеге дейін баспана сатып алуға сертификат беріледі. Отбасының әр мүшесіне 70 АЕК (241 500 теңге) субсидия беріледі. Бір жылға дейін тұрғын үй жалдау ақысы төленеді. Қайтарымсыз гранттар 400 АЕК (1 380 000 теңге) көлемінде беріледі. Тұрақты жұмыс табуға көмек көрсетіледі, бүгінде жалпы 118 бос жұмыс орны бар», - деп жазылған қала әкімдігінің сайтында.

Жамбыл ауданы – Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Ресейдің Қорған облысымен және Қостанай облысымен, Мамлют, Есіл, Шалақын және Тимирязев аудандарымен шектеседі. Ауданда 22,5 мың адам тұрады.

Облыс экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік және мал шаруашылығы.

Ауданда 12 автобус (2 ауылдық, 1 қалааралық және 9 қалалық), мектепке дейінгі 30 білім беру мекемесі, 33 орта мектеп, 1 өнер мектебі, 1 кәсіптік лицей, 6 мектеп-интернат бар.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды