Астанада адам мен жасанды интеллектінің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға қатысты форум өтеді

07.08.2023, 16:17
340
Астанада адам мен жасанды интеллектінің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға қатысты форум өтеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

12-13 қазанда Қазақстан астанасында Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум – Digital Bridge 2023 өтеді. Форумның басты тақырыбы – Artificial and Human Intelligence: The right balance, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл халықаралық форумға дәстүрлі түрде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әлемдік компаниялардың жетекшілері, IT-инновация саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылар, өңірдің түкпір-түкпірінен венчурлық инвесторлар қатысады. Digital Bridge 2023 алаңында 20 000+ қатысушы, 300+ IT компания, 100+ инвестор мен бизнес-періштелер, 250+ спикер және әлемнің 15+ елінен 100+ стартап бас қосады.

«Жасанды интеллект заманауи қоғамда маңызды рөл атқарады, сондықтан Digital Bridge-2023 технология мен адам әлеуеті арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатынын талқылайтын тамаша алаңға айналмақ. Бұл форум сала мамандары мен сарапшыларына өз білімімен бөлісуге мүмкіндік береді. Осы арқылы адамзатқа жасанды интеллект қызмет ететін болашақты бірлесіп құруға жол ашады. Қазақстан осы бағытта инновациялық өсудің жоғары әлеуетіне ие болып отыр. Қазір елімізде ғалымдар мен жас таланттардың шоғырлануы үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Біздің азаматтарымыздың әртүрлі салаларда әзірлеген жасанды интеллект өнімдері бар, олар қазірдің өзінде әлем назарын аударып отыр. Біз мұны сөзсіз, мақтан тұтамыз. Жасанды интеллект экономиканы, өнеркәсіпті, ғылым мен техниканы дамытуда зор әлеуетке ие», - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Форумның екі күндік бағдарламасы ауқымды шараларды қамтиды. Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және one-to-one кездесу, халықаралық спикерлермен 30+ панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Hub Battle үздік IT-стартап үшін дода, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Awards – үздік стартаптарға, инновациялық жобаларға және кәсіпкерлерге берілетін халықаралық сыйлық, 100 қазақстандық және шетелдік технологиялық стартаптар өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынатын Стартап аллеясы.

Форумның бес жыл қатарынан IT қауымдастықтың ерекше назарын аударып, қалың жұртшылықтың қызығушылығын тудырған ең қызықты оқиғасы – Astana Hub Battle – үздік IT стартаптардың ең ірі додасы. Биыл батлдың жүлде қоры 4 есеге ұлғайды.

«Биыл біз Astana Hub Battle концепциясын сәл өзгерттік. Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталады – Best Social Impact, The Most Innovative, Exponential Growth. Ал жүлде қоры $75 мыңға дейін артады, әр номинация бойынша $25 мың. Қазылар алқасының құрамында еліміздің ірі инвесторлары болады. Сондықтан ресми жүлдеден бөлек, перспективалы жобалар қазылар алқасынан қосымша ұсыныстар алуы мүмкін», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Айта кету керек, Astana Hub Battle экожүйенің жаңа қатысушыларын анықтап, отандық стартап мәдениетін насихаттауға және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Батлға қатысу үшін стартаптарда MVP немесе PMF сатысында ауқымды жоба болуы керек. Бұған дейін байқауда Kwaaka, NBfit, UvU, Parqour, EasyTap, Kid Security сияқты стартаптар жеңіске жеткен еді.

Digital Bridge 2023 аясындағы Astana Hub Battle-ға қатысуға өтінімдер digitalbridge.kz сайтында 20 қыркүйекке дейін қабылданады.

Алдын ала байқаудан кейін іріктеуден өткен бәсекеге қабілетті 100 жоба қазылар алқасының назарына ұсынылады. Олар форумның бірінші күні жартылай финалда жобаларын бір минуттың ішінде таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл сынақтан өткен 10 стартап финалда үздік атағы үшін бақ сынасады.

Форумның хедлайнерлері – IT әлемінің әлемге әйгілі тұлғалары форум басталар шақта жарияланады. Сонымен қатар дәстүрлі түрде бірқатар көрмелер – корпорациялар, робототехника, IT-мектептер, VC, аймақтық IT хабтар көрмесі және ірі IT-компаниялардың вакансиялар жәрмеңкесі өтеді.

Еске салсақ, Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді. Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Astana Hub халықаралық технопаркі.

Массаждың орнына интимдік қызметтер: үш Өскемен тұрғыны жауапқа тартылды -42 градус аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Ақтөбедегі зауытқа 9,2 млрд теңге инвестиция тартылған Қазақстанда екпе алмаған балалар күн сайын қызылша ауруын көптеп жұқтырып жатыр – ДСМ Қызылордада көліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын қолды қылған күдікті ұсталды Жастар тәрбиесіне кері әсер ететін теріс идеологиядағы фильмдер қауіпті - Ринат Зайытов Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін – БАҚ Қазақстан цифрлық құралдар арқылы тіркеуді жеңілдету бойынша ХААҰ (ICAO) бастамаларын қолдады Елімізде енді Johnson & Johnson тәуелсіз жергілікті заңды тұлға ретінде жұмыс істейді "9 ай бойы көпшіліктен жасырып келдім". Блогер Фариза Төреәлі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Бізге өзіміздің ұлттық LLM-ді құру керек – Бағдат Мусин Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді "Той үстінде қонақтардың көзінше ұрып тастаған". Күйеуінен 17 жыл қорлық көрген әйел биыл ғана ажыраса алған Салтанат Нүкенованың туыстары қылмысқа қатысты жаңа деректер айтты «Мінезім басқаша болар ма еді». Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы айтты COP28 кездесуі нәтижесінде орман шаруашылығына инвестиция құйылмақ Заманауи мектептер баланың дамуына барынша ыңғайлы болуы тиіс - STEM Academia "Өзін қожайын сезінген екінің бірі тонап жатыр": Депутат базар саудагерлерінің мәселесін көтерді 2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады Қазақстан және АҚШ ғылым қорларының ынтымақтастық перспективалары