СІМ Қытаймен арадағы визасыз режим күшіне қашан енетінін түсіндірді

07.08.2023, 18:36
829
СІМ Қытаймен арадағы визасыз режим күшіне қашан енетінін түсіндірді tengrinews.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен визасыз режимге қатысты шешім жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында Қазақстан мен Қытай арасында визалық талаптарды өзара босату туралы келісімге қол қойылды. Келісімнің 11-бабына сәйкес, тараптар оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны өзара алған күннен бастап, күнтізбелік 30 күннен кейін күшіне енеді. Қазіргі уақытта қазақстандық тарап барлық мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады. Осы келісімді ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі №612 қаулысымен бекітіп, сондай-ақ биыл 28 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тиісті хабарлама жолдады. Біз Қытай тарапынан ішкі процедуралардың аяқталуы туралы тиісті хабарлама күтеміз, - деп түсіндірді А. Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Тиісінше, қос ел арасында өзара визасыз режимнің күшіне енуі туралы ақпарат Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына шығады және Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады.

Шілденің соңында Қазақстан Үкіметі осы келісімді бекіту туралы қаулыны қабылдағанда бірнеше БАҚ қате ақпарат жіберіп, бұл келісім күшіне енді деп жазыпты. Бұл дұрыс емес. Аталған қаулы тек Қазақстан тарапы ішкі процедураны аяқтады дегенді білдіреді. Енді Қытай тарапынан дәл сондай хабарламаны күтеміз. Осындай хабарлама келген күннен бастап, 30 күнтізбелік күннен соң келісім күшіне енеді. Шешім жыл соңына дейін қабылдануы әбден мүмкін, - деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды. Олардың арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» бар.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді