1099

Қазақстанда «Талибан» мәртебесі өзгеріссіз қалады – ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров «Талибан» ұйымына қатысты Қазақстанның позициясы туралы айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстанда «Талибан» мәртебесі өзгеріссіз қалады – ҚР СІМ
azh.kz

«Қазақстанда «Талибан» мәртебесі өзгеріссіз қалады. Қазақстан мен Ауғанстан арасында өндірушілер мен экспортттаушыларға тиімді экономикалық қарым-қатынастар ғана бар», - деді ресми өкіл министрліктің апталық брифингінде.

Айта кетейік, «Талибан» экстремистік ұйымының қызметіне Қазақстанда тыйым салынған.

Сонымен бірге А. Смадияров жақында өткен Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумын еске салды.

«Онда негізінен бизнесмендер келіп қатысты. Сауда министрлігі хабарлағандай, көптеген келісімшарттар бекітіліп, үшкүндік жәрмеңке өтті», - деді спикер.