Мектеп автобусы: Алматыда пилоттық жоба іске қосылады

08.08.2023, 14:51
755
Мектеп автобусы: Алматыда пилоттық жоба іске қосылады smartnews.kz

Биыл мегаполистегі 29 мектепте 7,7 мың оқушыға арналған «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қалалық білім басқармасының мәліметінше, мектеп автобустары, ең алдымен аса қажет аудандарға енгізіледі. Пилоттық жобаға төрт аудан таңдап алынды. Атап айтар болсақ, Бостандық, Наурызбай, Алатау және Медеу аудандары. Оқушы санына қарай әр мектепке арнайы маршруттар жасалады. 20, 30, 50 орындық автобустар бар. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама қортындысы бойынша, қазір 38 мыңға жуық бала мектеп автобустарына мұқтаж.

Сондай-ақ, қала мектептерінде кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілді. Дабыл түймелері, турникеттер, өрт қауіпсіздігі жүйесі, полицияның жедел басқару орталықтарымен біріктірілген бейнебақылау камералары орнатылды. Әкімдік бұл жобаны үш жылдық сервистік үлгі бойынша қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жалпы қаржыландыру көлемі - 4,9 млрд теңге. 2023 жылға арналған бюджет жобасында осы мақсаттарға 1,6 млрд тенге бөлінді.

«Қауіпсіздікке келетін болсақ, барлық қалалық білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен жабдықталған, камералар мен дабыл түймелері жергілікті полиция бөлімдеріне қосылған. Сонымен қатар, 120 білім беру ұйымдарында турникеттер орнатылды, 94 білім беру ұйымдарында конкурстық рәсімдер өткізілуде, сондай-ақ кейбір ұйымдарда спорт инвентарьларын жаңарту және толықтыру қажет екені анықталды», - деді өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева.

Бұдан бөлек, заманауи инфрақұрылымды жақсарту арқылы 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік мектептер физика, химия, биология, информатика және робототехниканың жаңа буынының пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етіледі. Тек 2023 жылдың өзінде жаңа модификациядағы 168 шкаф сатып алынады, бұл мақсатқа жергілікті қордан 2,1 млрд теңге бөлінді.

«Мониторинг барысында анықталғандай, 164 білім беру ұйымы жаңа модификацияланған физика кабинетімен, 158 мектеп химия кабинетімен, 159 білім беру ұйымы жаңа модификацияланған биология кабинеттермен және 79 білім беру ұйымы заманауи робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен бірге, 56 білім беру ұйымында жаңа модификацияланған кабинет алуға конкурстық рәсімдер жүріп жатыр», - деді Гүлнар Ермекбаева.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды