792

Бейбіт Шүменов ісінде тараптарды татуластыру нұсқасы да қарастырылады – министр

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елордалық тұрғынмен жанжалдасқан боксшы Бейбіт Шүменовты іздеуге қанша қаражат жұмсалды деген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бейбіт Шүменов ісінде тараптарды татуластыру нұсқасы да қарастырылады – министр
бейнежазбадан

«Іздеу жұмыстарына еліміздің бюджеті жұмсалмайды, өйткені халықаралық уағдаластықтар бекітілген, біз Интерполдың да қатысушысы болып саналамыз, барлық дерек халықаралық мекемелерге жіберіледі. Осылайша, белгілі бір адамға арнайы қаржы бөлінбейді. Бізде АҚШ-пен экстрадициялау туралы келісім жоқ, бірақ өзара қарым-қатынас шарттарында құқықтық көмек көрсету туралы келісім бар», - деді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, қос тараптың татуласу нұсқасы да қарастырылған.

«Мұнда ауырлығы орташа санаттағы іс қозғалған, тараптарды татуластыру да көзделген. Енді сотқа дейінгі толыққанды тергеу жүргізіліп, шешім қабылданады», - деп қосты министр.