Оның айтуынша, чип орнатылатын болса учаскелік полицейлер балалардың үйде бар-жоғын тексере алады.
Депутат қылмыстық әрекет жасайтын жасөспірімдерді бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандармен салыстырды. Ол есепте тұратын балалар қауіпті болғандықтан, чиптеп, қоғамнан оқшаулау қажет екенін жеткізді. Даримова өзі де ана болғандықтан балалары үшін алаңдайтынын айтты.
"Егер олар біздің балаларымыз үшін қауіпті болса, неге үйде отырмайды? Үйде отырсын, кітап оқысын, кино көрсін, өмірді зерттесін. Оларды ата-анасы тәрбиелесін", - деді депутат.
Депутат мысал ретінде Павлодарда жасөспірімді ұрып-соғып, қорлаған балаларды атады. Оған бір топ бала түкіріп, мұрнын сындырып, жалаңаштап, кейін аяусыз ұрып соққан.