Абай облысында көне дәуір пирамидасы табылды

08.08.2023, 20:24
583
Абай облысында көне дәуір пирамидасы табылды gylym.jogarybilim

Абай облысында қазба жұмыстары кезінде қола дәуірінің дала пирамидасы табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) археолог-ғалымдары Еуразия даласында кездеспейтін қола дәуірінің ірі көлемдегі дала пирамидасын тапты. Қазба жұмыстары Абай облысында жүргізілуде. 2014 жылдан бастап ЕҰУ тарих факультеті археология және этнология кафедрасының ғалымдары Абай облысы, Абай ауданы Тоқтамыс елді мекенінің жанындағы Қырықүңгір кешенді ескерткішінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Оған университет студенттері мен магистранттары атсалысады. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Еуразия даласында кездеспейтін біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтың басы, яғни осыдан төрт мың жыл бұрынғы қола дәуірінің ірі көлемдегі дала пирамидасы табылды, - делінген министрлік ақпаратында.

Тарихшы ғалым, ЕҰУ археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ұлан Үмітқалиевтің айтуынша, табылған пирамиданың қабырғаларында жануарлар бейнеленген.

Дала пирамидасы өте дәлдікпен салынған, алты қырлы. Әрбір қырының арасы он үш метр және сегіз қатар таспен қаланған. Ортасында бірнеше шеңбері бар. Бұл – өте күрделі кешенді құрылыс. Сол кешендегі құрылыстың сыртындағы қабырғаларында әртүрлі жануарлардың, әсіресе жылқының суреттері басым бейнеленген. Сонымен бірге түйенің де бейнелері бар. Қазбадан табылған мәліметтер, қыш ыдыстар, әйел адамның алтын сырғасы және тағы басқа әшекей бұйымдар осы қола дәуірінің үлкен көне дәуірде мәдениеті, ошағы болғандығын көрсетеді. Бұл, яғни, сол кезеңнің өзінде жылқы культінің өте жоғары болғандығын сол тас құрылыстың айналасында жылқы сүйектерінің табылуы дәлелдеп отыр, - дейді Ұлан Үмітқалиев.

Мәлім етілгендей, қазіргі уақытта зерттеулер шетелдік ғалымдармен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

87 жастағы маңғыстаулық әже Димашқа арнап тоқылған шашақты сыйға берді (ВИДЕО) Шымкенттік келіншек салмағы 7 келіге жақын алып сәбиді өмірге әкелді Қожа рөлін сомдаған актер ауыр дертке шалдығып, жарты жыл ғана өмірі қалған Моңғолиядағы 100 қандас пен Қазақстан ауылдарындағы 10 мың оқушы не үшін сайысып жатыр? «Дәретханасынан шошисың»: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігіне үндеу жасады «Барлық дәлелдерді анама жібердім»: Say Mo бұрынғы күйеуінен көрген қорлығын айтып берді 97 жастағы әже жақындарына есігін ашпай қойғаны үшін көмекке құтқарушылар келді Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып көз жұмды Актер Шәріп Серік әйелін ұрғаны үшін емес, балағаттағаны үшін сотталған Алматыда жүргізуші ескерту жасағаны үшін тұрғын үй күзетшісін аяусыз ұрып тастады (ВИДЕО) Арқалықта зорлықшы деген күдікпен блогер ұсталды Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады «Жаңбыр, тұман»: 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Біз жарақатты бірден таңдық»: ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды Су бар, бірақ жүйе қайда? Астанада Аutism Talks жыл сайынғы кездесу өтті «Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО)