1033

Елде АИ-95 дефициті болуы мүмкін бе?

Тамызда Қазақстан бойынша 369 тоннадан астам АИ-95 бензинін тасымалдау жоспарланған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Елде АИ-95 дефициті болуы мүмкін бе?
kolesa.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мұнай өңдеу зауыттарынан жанармай жеткізуге байланысты барлық өтініш 100% қамтамасыз етіліп келеді деп мәлімдеді. Бұған дейін елде АИ-95 жетіспеушілігі болуы мүмкін деген мәселе қаралған еді.

Ведомствоның ақпаратынша, қазір Қазақстандағы магистральді автожолдар арқылы бензин тиелген 1 047 цистерна өңірлерге жеткізіліп жатыр. Олардың ішінде АИ-95 маркалы жағармайы бар цистернаның саны - 341. 

— Жоспар бойынша тамызда ішкі нарыққа АИ-95 маркілі бензиннің 369,7 мың тоннасы жеткізіледі. Тамыз айының алғашқы 7 күнінде оның 102,6 мың тоннасы немесе айлық жоспардың 27% тасымалданды, - дейді министрлік өкілдері.

Сондай-ақ бұл ретте биылғы тамыздың басында бензин құю жоспары келесідей болғанын айта кеткен:

- Атырау МӨЗ бойынша - 125 цистерна, оның ішінде 21 цистерна АИ-95 бензині;

- Шымкент МӨЗ бойынша - 102 цистерна, оның ішінде бірде-бір АИ-95 вагоны қарастырылмаған;

- Павлодар МӨЗ бойынша - 80 цистерна, оның ішінде барлығы 20 цистернада АИ-95 бензині бар.