1020

Бір жылда мектеп құралдары 64,4% қымбаттаған

Елдегі мектепке арналған оқу құралдарының бағасы шарықтап тұр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бір жылда мектеп құралдары 64,4% қымбаттаған
el.kz

Ұлттық статистика бюросының берген мәліметіне сәйкес дәптерлердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға өскен.

«Дәптер – 77,2%-ға, шарикті қалам – 38,6%-ға, түрлі-түсті қарындаштар – 41,9%-ға, сурет альбомы 44,1%-ға қымбаттады», — делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға жыл сайын форма мен керек-жарақтарын сатып алуға ақша бөледі. Мысалы, биыл әр балаға 40567 теңгеден қарастырылған.