1372

Соғыстың кесірінен Украина инфрақұрылымы $150 миллиард шығынға ұшыраған

Украина-Ресей соғысының салдарынан Украина қыруар қаражат көлемінде залал келген. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Соғыстың кесірінен Украина инфрақұрылымы $150 миллиард шығынға ұшыраған
reuters

Инфрақұрылымдық сектордың шығын көлемі – $36,6 млрд. Украинада соғыс қимылдары басталғаннан бері 19 әуежай, кем дегенде 126 теміржол вокзалы бүлінген. KSE зерттеуіне сәйкес, тұрғын үй қорының шығыны $55,9 млрд долларға бағаланған.
 
Бизнес активтерінің шығыны $11,4 млрд-тан асып жығылды. Соғыс басталғаннан бері кемінде 426 кәсіпорын жойылған. 

Ал оқу орындарының қирауынан келген залал $9,7 миллиард болды. Ауыл шаруашылығы секторына $8,7 млрд, энергетика саласына $8,8 млрд, әкімшілік ғимараттардың бүлінуінен $5,9 млрд шығын келген.