930

«Дикий» Арманның қамау мерзімі 7 қыркүйекке дейін ұзартылды

Қылмыс әлеміндегі аса танымал Арман Жұмагелдиевті қамау уақыты тағы ұзарды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

«Дикий» Арманның қамау мерзімі 7 қыркүйекке дейін ұзартылды
armandzhumageldiev

4 тамыз күні «Дикий» Арманның ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі Арман Жұмагелдиевке қатысты мынадай мәлімдеме жасады:

- Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды,- деп хабарлады.

Еске сала кетсек, Арман Жұмагелдиев өткен жылдың 7 қаңтарында тұтқындалды. Ол “Қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысы бар” деген күдікке ілінген. Артынша ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманның" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.