Сақшы бауырының тапаншасымен өзін байқаусызда атып алған тұрғын үшін полицей сотталды

09.08.2023, 14:50
1389
Сақшы бауырының тапаншасымен өзін байқаусызда атып алған тұрғын үшін полицей сотталды polisia.kz

Павлодар тұрғыны полицей болып жұмыс істейтін бауырының қызметтік тапаншасын алып, абайсызда оқ атқан. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Оқиға орнында көз жұмған азаматтың бауыры, яғни тапанша иесі полиция қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Іс бойынша Павлодар қалалық №2 сотының үкімі шықты. Сот үкімінде оқиға 2022 жылдың қараша айында болғаны айтылған.

20 жастағы конвойлық ротаның қызметкері туыстарының үйінде тұрған. Сот мәліметінше, полицей түскі асқа үйіне барған, біраз уақыттан кейін үйге бөле бауыры келген. Ер адамдар бірге теледидар көріп отырған. Кейін полицей жұмысқа жиналып жатқанда, "Макаров" қызметтік тапаншасын мұздатқыш камераның үстіне қойып кеткен.

- Дәретханадан оқтың даусын естіген. Қонақ бөлмеге кірген кезде оң қолында "Макаров" тапаншасын ұстап жатқан бауырын көрген, ол алған жарақатынан артқа шегінген. Сотталушы туысына жүгіріп келіп, тізесінен жұлқылап, есімін атап шақырған, бірақ ол жауап бермеген. Кейін сотталушы полиция шақырған, - делінген Павлодар қалалық №2 сотының үкімінде. 

Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 371 бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Экс-полицей өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ сот үстінде марқұмның анасы оның ұлы мен жиенінің арасында бауырлық қарым-қатынас болғанын айтып, туысын бас бостандығынан айырмауды өтінген. Сот үкімімен сотталушы 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды