760

Алматыдағы тауда жоғалған ресейлік туристің өлі денесі табылды

Сенбі күні тауға шығамын деп жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алматыдағы тауда жоғалған ресейлік туристің өлі денесі табылды
gov.kz

Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды. Алдын ала деректер бойынша ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.

- Таудағы климаттың күрделілігіне, тау маршрутының ерекшеліктеріне, тастың құлауына және жартасты рельефке қарамастан іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді, - делінген ТЖМ ресми хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство ұсынған деректер бойынша Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристті құтқарады. Биылғы жылдың басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылған.