"Қазіргі образымыздан демалып, үзіліс жасағымыз келеді": Ninety One тобы тарауы мүмкін
Атышулы Q-Pop тобы Ninety One тарап кетуі мүмкін. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
TikTok желісіндегі тікелей эфирде Ninety One тобының жігіттері оқырман сұрақтарына жауап беріп отырып, алдағы жоспарлары туралы бөлісті. Десе де тыңдармандарға сүйікті тобы жасаған мәлімдеме аса қуанта қоймады.
Ninety one-дық жігіттер белгісіз мерзімге демалысқа кететінін, мүмкін сол демалыстан соң тарап кетуі ықтимал екенін жеткізді.
- Біз қысқа дейін концерт береміз. Содан кейін белгісіз мерзімге, 1-2, мүмкін 3 жыл үзіліс жасайтын шығармыз. Мүмкін әрқайсымыз өз жолымызбен кететін шығармыз. Мүмкін бағытымыз өзгерер. Біз қазіргі образымыздан демалып, үзіліс жасағымыз келеді. Қайтып келсек те, бәрі бұрынғыдан өзгеше болуы мүмкін, – дейді Ninety One жігіттері.
Мұны естіген топ жанкүйерлері Eaglez топтың тарамауын сұрап, наразылық білдірді.