Тұрғындарды желіде балағаттаған Щучье әкімі қатаң сөгіс алды

10.08.2023, 11:49
807
Тұрғындарды желіде балағаттаған Щучье әкімі қатаң сөгіс алды olzhas_nurmagambetov01

Әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы өткен есептік кездесуде қала тұрғындарына балағат сөз айтқан Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Бурабай ауданы Щучье қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың «Instagram» әлеуметтік желісіндегі дөрекі сөзіне қатысты жарияланымдар анықталды. Сонымен қатар, әкімнің іс-әрекеті қоғам тарапынан жағымсыз қоғамдық резонанс пен сынға алып келді. Аталған деректі, сондай-ақ жарияланымдарда баяндалған мән-жайларды зерделеу нәтижелері бойынша биылығы жылғы 8 тамызда Департаментпен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 34-тармағына сәйкес Олжас Нұрмағамбетовке Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану үшін материалдар Бурабай ауданының әкіміне жолданды. Бурабай ауданы әкімінің 2023 жылғы 8 тамыздағы өкімімен Олжас Нұрмағамбетовке «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды», - деп бейнеүндеу жасады Думан Әбілев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, департамент басшысы Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы қажет екендігін еске салды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады