"Біреуге кесірімізді тигіздің ғой": Саят Медеуов басына түскен оқиғаны айтты

10.08.2023, 14:35
4267
"Біреуге кесірімізді тигіздің ғой": Саят Медеуов басына түскен оқиғаны айтты “Ұйқым келмейді” бағдарламасы

Әнші Саят Медеуов осыдан біраз уақыт бұрын жол апатына түскенін айтқан болатын. Өнер иесі Нартай Аралбайға берген сұхбатында жол апатынан соң далада оянғанын баяндап берді.

"Апатқа түскенім де дұрыс болды. Себебі, жанымдағы жігіт ұйықтап кетті. Мен ауруханада жатқанда "Егер менің апатқа түсуім елге сабақ болса, мен қуаныштымын. Апатқа түскенім дұрыс болды" дедім. Себебі, ұйықтап кетіп жолға шығу, шаршап отырып жолға шығу дегенді тоқтатуымыз керек. Сол үлкен сабақ шығар.

Апатқа түскенде, далада ояндым. Қимыл бар, отырмын. Біз ұйықтаймыз деп келіскенбіз ғой. Жанымдағы туысым бір жерге жетіп алу үшін ұйықтамай жүре берген. Жолда қалғып кеткен. Өзіміздің ақымақтық қой. "Біреуге кесірімізді тигіздің ғой. Ұйықтауың керек еді ғой" деп айттым. Ол кезде кімді қақтық, не қақтық білмеймін. Бір жедел жәрдем тұр. Сол сәтте есімді білер-білмес отырдым-ау деймін. Көлікпен соқтығысқанбыз. Олар аман, шүкір! Біз кінәліміз ғой, ұйықтамағанбыз. Бауырды кешірмей қайда барамыз?", - деді Саят Медеуов.

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды