Қазақстан халқының саны қаншаға жетті

10.08.2023, 20:34
800
Қазақстан халқының саны қаншаға жетті smartnews.kz

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19 899 377 адамға жетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 19 899 377 адамның 12 317 671-сі – қалада, 7 581 706-сы ауылда тұрады.

Халықтың жалпы санының 48,8% – ерлер, 51,2% әйелдер құрайды.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы – ұл, 91,5 мыңы – қыз.

Туу көрсеткіші жоғары өңірлер: Маңғыстау мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласы.

Бірінші жартыжылдықта елімізде 63,6 мың адам қайтыс болған. Жарты жылдағы халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адамды құрады.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді. Аталып өткендей, бұл жағдай осы өңірлерде қариялардың көп болуымен байланысты.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді