741

Астана LRT: Пойыздардың жүргізушісі болмайды

2025 жылы алғашқы желісін іске қосу жоспарланған LRT жүйесі қашықтан басқарылатын болады, яғни жүргізушісі болмайды. Бұл туралы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Астана LRT: Пойыздардың жүргізушісі болмайды
basnews.kz

«Жылжымалы құрам ретінде «Тритон» моделі қарастырылған. Оның қуаты – 115 квт, ал максималды сыйымдылық 652 адамға дейін. LRT жүйесінің жылдамдығы – сағатына 80 шақырым. Басқару жүйесі толығымен автоматтандырылған және басқарушысыз болады. Яғни, оператор қашықтан басқарады. Жолаушылар ағыны 25 мың жолаушыға дейін деп болжанып отыр», - деді Ғани Тәжиев қалалық мәслихаттың отырысында.

CTS басшысының айтуынша, LRT құрылысының жалпы құны 1 миллиард 888 миллион долларды құрайды.