Отбасы банкіндегі депозитті енді тек туыстарға ғана табыстауға болады

11.08.2023, 11:20
756
Отбасы банкіндегі депозитті енді тек туыстарға ғана табыстауға болады smartnews.kz

21 тамыздан бастап «Отбасы банктегі» депозитті сату қызметі тоқтатылады. Бұл сервис арқылы депозитті тек туыстарға ғана өткізуге болады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«21 тамыздан бастап Отбасы банкінде депозитті ақылы түрде табыстау (депозитті сату) қызметі тоқтатылады. Онлайн табыстау – депозиттердің онлайн дүкені іспеттес. Онда клиенттердің бірі салымдарын сата алса, екіншілері жинақтау жолын жылдамдатып, заемды тезірек алу үшін Отбасы банкінен шот сатып ала алады. Былтырдың бірінші жартысында бұл мүмкіндікті 1 647 адам пайдаланған. Биылдың дәл осы кезеңінде депозиттерді сатып алып, заем рәсімдеген бірегей клиенттердің саны екі есе азайып, 973 адам болды. Ал бірінші жартыжылдықта Отбасы банк 28 800 кредит берген», - делінген аталған банк мәліметінде.

Банк ақпаратына қарағанда, тек биылғы жылдың басынан бері 273 465 қазақстандық жаңа жинақ шотын ашты.

«Отбасы банкінде депозиттерді туыстарға табыстау қызметі сақталады. Оны тек банк бөлімшелерінде ғана емес, «Otbasy bank» мобильді қосымшасында онлайн режимінде де жасауға болады. Қызмет 5-10 минут уақытты алады», - деп нақтылады банк.

Бұл қызметті туыстардың келесі санаттары пайдалана алады: әйелі-күйеуі, ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, бір ата-анадан немесе әртүрлі ата-анадан туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері және басқа да жақын туыстары.

Атап айтқанда, банк бөлімшесіне барып, туыстық қатынасы жоқ, бірақ ортақ туыстары бар адамдар арасында депозиттерді табыстауға болады. Мысалы, салымшы бір мәміле аясында жарының ағасына өз депозитін табыстай алады. Ол үшін неке және туыстық қатынасты растайтын құжаттар (туу туралы куәліктер) қажет.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды