"Жеңгесі боп қызымды айттырып кетті": Жұлдызай Дүйсенбиева жұлдызды жұппен құдағи болды

11.08.2023, 14:06
8769
"Жеңгесі боп қызымды айттырып кетті": Жұлдызай Дүйсенбиева жұлдызды жұппен құдағи болды stan.kz

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаштың қызына сырға салып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның қайнысы мен әншілердің қызы осылайша екі әулетті туыс қылмақ.

“Біз қанша жыл дос болдық, енді құдағи болдық. Қуаныш пен Қарлығаштың қызына алдын ала дәстүр бойынша сырға салып, иелік жасап кеттік. Құтты болсын! Құдалығымыз мың жылдық болсын! Құдалықта маған күшті, ең қымбат бриллиант тақ, жарайды ма?”, – деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Әнші Қарлығаш Сырлыбекова да актрисамен құдағи болғанына қуанышты екенін айтты.

“Жұлдызай аяқ асты қызыма сырға салып, жеңгесі болып келіп қалды. Анау-мынау емес, сенімен құдағи боламын деп кім ойлаған? Қызы бар үй болған соң, сырға салып,айттыру деген салт жүреді. Қызға сырға салынғаннан бастап, қыз үйдің қонағы екені сезіледі екен”, – деп жазды Қарлығаш Сырлыбекова.

Желі қолданушылары Жұлдызай мен Қарлығашты қуанышымен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

“Жұлдызай өте керемет жан. Қарлығаш қызын беріп, құда болса өкінбейді”, Құтты болсын! Жастар бақытты болсын”, “Жақсы жаңалық екен”, – деп жазды желідегілер.

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды