Криштиану Роналду Сауд Арабиясында қамауға алынуы ықтимал

11.08.2023, 19:22
763
Криштиану Роналду Сауд Арабиясында қамауға алынуы ықтимал sport24.ua

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду христиан дініне тән ишара жасағаны үшін жазалануы ықтимал, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Әл-Наср» мен «Аль-Шорта» Араб чемпиондарының клубтық кубогы аясында матч өткізді. 75-інші минутта Роналду пенальтиде гол соқты және бұл ойын барысындағы жалғыз гол болды (1:0).

Допты қақпаға дөп түсіргеннен кейін Криштиану оң қолымен христиан дініне тән шоқыну ишарасын жасады. Осы әрекеті үшін ол жазаға тартылып, тіпті қамауға алынуы мүмкін. Себебі Сауд Арабиясында христиандыққа қатысты кез келген ым-ишараға тыйым салынған.

Португалиялық ойыншы қамалуы ықтимал деген қауіп бар, бірақ жергілікті билік оны жазаламайды деп күтілуде. Алайда клуб басшылығы сөгіс беруі мүмкін деген болжам жасалып жатыр.

«Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады