553

Ақтаулықтар жарықсыз қалды: МАЭК түсінік берді

«Маңғыстау атом энергетика комбинаты» ЖШС (МАЭК) бүгін Ақтауда электр энергиясының өшірілуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтаулықтар жарықсыз қалды: МАЭК түсінік берді
smartnews.kz

«11 тамыз күні сағат 15:25-те жылу электр станциясының АТ-2 автотрансформаторын синхрондау кезінде жүктемесі 142 МВт болатын №3 энергоблогы сөніп қалды.

Қазіргі уақытта жылу электр станциясының жұмыс режимін қалпына келтіру жүргізіліп жатыр.

Айтап кетейік, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы аясында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына Бірыңғай сатып алушы – «Есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС енгізілді. Осы ретте, станцияларда электр энергиясынан авариялық ажырату болған жағдайда, яғни баланстан ауытқу кезінде Қазақстан бойынша жүйелік оператор – «KEGOK» АҚ электр жүйесін реттеуді қамтамасыз етуі тиіс», - делінген «МАЭК» ЖШС-нің баспасөз мәліметінде.