687

«Қазақтелеком» құрамынан Kcell ұялы байланыс операторы шығуы мүмкін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов «Қазақтелеком» құрамындағы қай ұялы байланыс операторы шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазақтелеком» құрамынан Kcell ұялы байланыс операторы шығуы мүмкін
smartnews.kz

«Қазір «Қазақтелеком» компаниясының құрамында екі ұялы (Kcell/Аctiv және «Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel)») байланыс операторы бар. «Қазақтелеком» құрамындағы екі ұялы байланыс операторының біреуін шығару ескерілген. Менің білуімше, Kcell-ді шығару бойынша инвесторлармен келіссөз жасалып жатыр», - деді Ержан Мейрамов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда ол нақты қай инвестор келетінін жариялай алмайтынын жеткізді.