722

Алматыдағы ірі қойма өртін сөндіруге 85 адам жұмылдырылған

Алматыда Жетісу ауданында қоймалар өртеніп жатқаны туралы ТЖМ Telegram арнасында мәлімдеме шықты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алматыдағы ірі қойма өртін сөндіруге 85 адам жұмылдырылған
qr_tjm

Ведомствоның мәліметінше, 12 тамыз сағат 07:16-да Алматы қаласының Жетісу ауданында Москвин көшесіндегі қоймалар өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

 "Жедел штаб, бірнеше өрт сөндіру учаскелері құрылды. Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты жоғары температура жоғарылап, құрылымдардың құлау қаупі пайда болды. Көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге ТЖД 25 техникасы, 85 адамы, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.