828

Астанада құны 5 млн теңге болатын мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды

38 мың литрге жуық көлемді құрайтын бензин мен дизель айналымнан алынды. Іс сотқа жолданды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Астанада құны 5 млн теңге болатын мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды
gov.kz

Астана қаласы бойынша Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында жалпы сомасы 5 млн теңгені (38 мың литр) құрайтын тауарға ілеспе жүкқұжаттарынсыз бензин мен дизельдік отынның заңсыз айналымы фактілерін анықтаған.

Салық төлеушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-1 бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Бұл ретте, ведомство 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне тауарларға ілеспе жүкқұжаттары міндетті түрде ресімделетінін еске салады.