742

Илон Маск Цукербергті Римде төбелесуге шақырды

Бизнесмен Илон Маск Meta компанииясының иесі Марк ЦУкербергті гладиаторларша төбелесуге шақырды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Илон Маск Цукербергті Римде төбелесуге шақырды
bbc.com

Маск Римнің "эпикалық" жерінде Цукербергпен жекпе-жекті жариялады

Американдық миллиардер, X (Twitter) иесі Илон Маск Meta Corporation басшысы Марк Цукербергпен "эпикалық" жекпе-жек орны үшін Италия билігімен келіссөздер жүргізгенін айтты.

– Кадрдағы барлық нәрсе Ежелгі Рим болады, сондықтан қазіргі заманғы ештеңе жоқ. Мен Италия премьер-Министрімен және мәдениет министрімен сөйлестім. Олар эпикалық орын туралы келісті, - деп жазды Илон Маск өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, Маск жеке постта "Гладиатор" сөзін де қоса жазды. Пайдаланушылар Ежелгі Рим Колизейінің қирандылары "эпикалық" орын болады деп болжады. 

Х басшысының айтуынша, жекпе-жекті UFC емес, Маск пен Цукербергтің өз қоры ұйымдастырмақ.

Жекпе-жектің тікелей эфирі X платформасында және Meta-да болады.