944

15 жыл бойы іздеуде болған күдікті Астанадан ұсталды

Полиция қызметкерлері 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған 37 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

15 жыл бойы іздеуде болған күдікті Астанадан ұсталды
polisia.kz

ІІМ Telegram арнасының берген мәліметіне сәйкес, 2008 жылдың қазан айында ер адам сенімге кіре отырып, ұялы телефондарды иемденгені анықталған. Осылайша 2010 жылы Бішкектің Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы қаскүнемді мемлекетаралық іздеуге жариялаған.

Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомствоның хабарынша, күдіктіні Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.