1018

Қызылорда-Жалағаш тасжолында 2 адам мерт болды

Жол апатының салдарынан Қызылорда-Жалағаш тасжолында кісі өлімі болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қызылорда-Жалағаш тасжолында 2 адам мерт болды
polisia.kz

12 тамыз күні түнгі сағат 03:00  шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұсында  Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, жол апаты болды.

Жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақаттар алды.

ІІМ Telegram арнасының мәліметінше, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазірде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.