748

Алматыдағы базар маңындағы ірі қойма өрті өшірілді

Жетісу ауданындағы ірі қойма өрті ауыздықталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алматыдағы базар маңындағы ірі қойма өрті өшірілді
qr_tjm

Алматыдағы қоймалардағы күрделі өрт сағат 12:22-де сөндірілген. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарынша, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеген.

Өртті жоюға барлығы: ТЖД жеке құрамның 120 адамы және 33 бірлік техникасы, сондай-ақ су тасу үшін Алматы қаласының коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметінің 7 су тасығышы жұмылдырылған.

Өрт орнында ІІМ қызметкерлерінің қатарынан қоршау қойылған.