Жетісу облысында Ешкіөлмес ауылы суға кетіп жатыр

12.08.2023, 16:05
953
Жетісу облысында Ешкіөлмес ауылы суға кетіп жатыр egov.press

Жетісу облысының  Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекенді су басты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Бүгін сағат 12.36-да Жетісу облысы ТЖД-да қатты жауған жауын-шашынның салдарынан Ескелді ауданының тау бөктеріндегі елді мекендерінің аула аумақтарын су басып, көлбеу ағын орын алды деген хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнында облыстық ТЖД күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардың тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Бұл жерге Талдықорған қаласынан қосымша күштер жіберілді.

Жетісу облысының ТЖД күштері мен құралдарынан жүзу құралдарын қоса алғанда, арнайы жабдықтармен және техникамен жарақтандырылған 22 құтқарушы дереу оқиға орнына жіберілген. Басқа мүдделі қызметтер де жұмылдырылып жатыр. Қазіргі уақытта оқиға орнында инженерлік жұмыстар, адамдарды ішінара эвакуациялау және су айдау жұмыстары жүргізілмек.

Ведомствоның хабарынша, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетсек, 11 тамызда Жетісу облысының ТЖ департаменті 12 тамыз күні түстен кейін облыс аумағында қатты жауын-шашын күтілетіні туралы дауылды ескерту таратқан болатын.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?