Қазақстандық азамат Оңтүстік Кореядағы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған

12.08.2023, 17:31
801
Қазақстандық азамат Оңтүстік Кореядағы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған insight.co.kr

50 жастағы қазақстандық әйел пышақпен автобус жүргізушісіне шабуыл жасағаны туралы кәріс БАҚ өкілдері жарыса жазып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Insight.co.kr басылымының дерегіне сүйенсек, оқиға Кенбу қаласындағы автомагистральде болған.

50 жастағы қазақстандық әйел 10 тамызда Сеулдегі Сеочо полиция учаскесіне шабуыл жасады деген күдікпен жеткізілген. 

Полиция мәліметінше, қазақстандық әйел туристік автобустың терезе тазалағышын сындырмақ болған. Автобус Ханнам көпірі арқылы Кенбуден Сеочуге жол тартқан. 

Әйелді тоқтату үшін жүргізуші автобустан шыққанда әйел пышақпен шабуыл жасап қашып кеткен. Бірақ 11 минуттан соң әйел ұсталған. 

Қазіргі уақытта полиция әйелдің мұндай әрекетке не себепті барғанын анықтап жатыр. Әзірге Қазақстанның СІМ мен Оңтүстік Корея елшілігі болған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасай қоймады.

Еске салайық, бұған дейін Кореяның Инчхон әуежайынан қашып кеткен екі Қазақстан азаматына 1 миллион теңге айыппұл салынып, елге қайтаратын болған еді.

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?