1199

Алихан, Медина, Айлин: Сәбилерге көп қойылатын есімдер тізімі шықты

Қазақстандағы жаңа туған сәбилерге көп қойылатын есімдер тізімі пайда болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Алихан, Медина, Айлин: Сәбилерге көп қойылатын есімдер тізімі шықты
stan.kz

Маусым айында қазақстандық ата-аналар балаларына қандай есімдер қойғаны жөнінде мәлімет шықты. Тізімді Ұлттық статистика бюросы жариялаған. Бюроның берген тізіміндегі көш тізімінде мына есімдер тұр:

- Алихан – 298;
- Алдияр – 262;
- Амир – 240;
- Омар – 233;
- Алан – 227;
- Айсұлтан – 208;
- Мухаммад – 188;
- Нұрислам – 182;
- Хамза – 180; 
- Али – 171.

Сарапшылардың айтуынша, екі жылдың ішінде статистика қатты өзгерген. Алдияр, Амир, Омар есімдері бұрынырақта өте сирек қойылған. Ал топ-3 кірген Нұрислам мен Айсұлтанның рейтингі қазір түсіп қалған. 

Қыздарға қойылатын есімдердің рейтингі мынадай:


- Медина – 551;
- Айлин  - 482;
- Айша  - 452;
- Асылым – 440;
- Томирис – 305;
- Сафия  - 284;
- Раяна  - 283;
- Айым  - 266;
- Амина  - 257;
- Аяла – 246. 

Соңғы екі жылдан бері Медина мен Айлин рейтингтің алдында келеді. Ал қызын Айым мен Амина деп атайтын саны азайып барады. Сондай-ақ Айша мен Томирис деп атайтындардың саны да күрт көбейген.

Бюроның берген ақпаратына сәйкес, Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 189.5 мың бала дүниеге келген. Олардың 98 мыңы ұл болса, 91,5 мыңы қыз.