3 жасар балабақшадан қашып кеткен баланы жолда көлік қағып кете жаздады

13.08.2023, 17:55
1741
3 жасар балабақшадан қашып кеткен баланы жолда көлік қағып кете жаздады patriot_patriot

Қарағандыда кішкентай бүлдіршін тәрбиешілердің қарауынсыз қалып, сыртқа қашып шыққан. Бұл туралы smartnews.kz сайты Patriot Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жолға шығып кеткен баланы көлік қағып кете жаздаған. Оны көрген көлік жүргізушілері баланың жанына тоқтаған. Баланың жеке меншік балабақшаның тәрбиеленушісі екені белгілі болған. Оны жолдың бойынан тауып алған көлік жүргізушісі балабақшадағы балаларды дұрыс қарамайтынына ашулы.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, дәл сол балабақшада мұндай жағдай бірнеше рет қайталанып отыратын көрінеді.

“Баланы машина қағып кетсе, не болар еді? Кім жауапкершілік алады? Баланың жол бойында тұрғанының өзі - мүлде дұрыс емес! Тіпті басыма да кіріп-шықпайды, қалайша күтушілер мен тәрбиешілер баланың кетіп қалғанын байқамай қалуы мүмкін. Өзім де әкемін. Әрі мұндай жағдайды мен қабылдай алмаймын дейді" - дейді жүргізуші ер адам.

Қарағанды ​​қаласы білім бөлімінің бейресми дереккөздері бүлдіршіннің жекеменшік балабақшаның тәрбиеленушісі екенін растаған.

Сондай-ақ Қарағанды ​​облысының білім басқармасының баспасөз қызметі жекеменшік балабақшалардың жұмысын қадағаламайтынын жеткізді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды