«51 раушан мен 200 қызғалдақ»: Алматылық шенеуніктер пара ретінде гүл сұраған

11.10.2024, 18:56
595
«51 раушан мен 200 қызғалдақ»: Алматылық шенеуніктер пара ретінде гүл сұраған mayflor.ru

Алматы облысында жер ресурстарын басқару басқармасы басшысының орынбасары мен жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы кәсіпкерлерден пара ретінде гүл шоқтарын талап еткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жер ресурстарын басқару басқармасы басшысының орынбасары Айдын Түсіпхан жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы Руслан Тұрысбековке әкімшілік іс қозғалған кәсіпкерлерге қатысты материалдарды табуды тапсырған.

"Айдын Түсіпхан Тұрысбековті жұмсаған. Ол департамент басшысы Нұрлыбаевтың атын пайдаланып, кәсіпкерлерден мерекеге орай пара ретінде гүлдерді сұратсын депті. Тұрысбеков істі боп отырған "Сұлтан" базарының басшысын кабинетіне шақырып, материалдарды сотқа жібермеу үшін одан төрт букет 51 раушан гүлі мен тағы 200 қызғалдақ гүлін талап еткен”,– делінген іс материалдарында.

Кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласып, мән-жайды баяндаған. Сол күні Тұрысбеков оған қоңырау шалып, гүлдердің қажеті жоқ екенін, оның орнына 250 мың теңге төлеу керегін айтыпты.

“Тұрысбеков бастығы Нұрлыбаевқа 51 қызыл раушан гүлі мен төрт букет қызғалдақ гүлін табыс етті. Түсіпхан мен Тұрысбеков өздері 51 раушан гүлі мен жеті букет қызғалдақ гүлін алған. Тағы екі қызметкер гүл шоғы пара екенін білмей алған екен. Нұрлыбаев қарамағындағылардың істерінен хабарсыз болған көрінеді”, – делінген материалда.

Сотта Түсіпхан да, Тұрысбеков те өз кінәларын мойындап, прокурормен мәмілеге келді. Пара алғаны үшін Түсіпханға 7,5 миллион теңге, Тұрысбековке 3,7 миллион теңге айыппұл салынды. Олардың әрқайсысы мемлекетке 117 550 теңгеден қайтаруы керек.

Сондай-ақ оларға өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынған.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады