"Құстардың боғынан алаңда аяқ алып жүру мүмкін емес": Атырау әкімі тұрғындарға ескерту жасады

13.08.2023, 19:31
2785
"Құстардың боғынан алаңда аяқ алып жүру мүмкін емес": Атырау әкімі тұрғындарға ескерту жасады Жеке Facebook парақшасынан

Атырау әкімі Шәкір Кейкин қала тұрғындарына үндеу тастады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Әкім Шәкір Кейкиннің айтуынша, Атырау қаласында орналасқан еліміздің тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ескерткішінің бүгіндегі сыйқы жоқ. Бұған себеп, ел сыйлаған ағамыздың жалғыз ескерткішінің басына көгершіндер қонып, құстардың мекеніне айналған. «Арнаулы автобаза» қызметкерлері қажетті тазалық жұмыстарын жүргізгенмен, бәрібір ескерткіш бұрынғы қалпына қайта түсіп отыр.

Кейкин бұл мәселені шешу үшін бүгін учаскелік полиция, «Арнаулы автобаза» ЖШС басшысы және жауапты бөлім басшыларымен бірге аталған орынға барып қайтқан.

- Расымен, тазалық жұмыстары жүргізілгенмен, қайтадан қоректенуге келген құстардың боғынан алаңда аяқ алып жүру мүмкін емес, антисанитарлық жағдай десек артық болмас. Осы мақсатта қала тұрғындарына бұл жерге келіп құстарды қоректендірмеуге ұсыныс білдіремін әрі арнайы хабарландыру жазылып, таратылатын болады, - дейді әкім өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында.

Сондай-ақ әкім ескерткіш кейпін тазалықта сақтау үшін полиция басшылығы алдағы уақытта көгершіндерге тамақ қалдығын тастаған азаматтар мен азаматшыларға абаттандыру қағидасын бұзғаны үшін құқық бұзушылық талаптарына сай шара қолданатынын айта кетті.

- Әрине, көгершін - бейбітшілік символы екені сөзсіз. Бірақ, бүгінгі ескерткіш басындағы көрініс бұл түсінікке сай келмейді. Қазақтың маңдайына біткен нар тұлғамыз, өмірге екі келмейтін ағамыздың ескерткішіне сыйластықпен қарап, тұрғындар менің ұсынысымды қолдайды деп есептеймін. Осы мақсатта қала тұрғындарын бұл жерге келіп, көгершіндерге нан қалдықтары мен басқа да тағамдарды тастамауға шақырамын!, - дейді қала әкімі.

Әкімнің үндеу жазбасының пікір алаңында қала тұрғындары бұл ұсынысты қолдай кетті. Себебі дәл осы мәселе бұған дейін біраз уақыт еленбеген жайт болып шықты.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды