"Осындайдан өзім де дәмелімін": Тамара Асардың өзге әулеттің келініне көзі түсті

14.08.2023, 11:12
4796
"Осындайдан өзім де дәмелімін": Тамара Асардың өзге әулеттің келініне көзі түсті stan.kz

Танымал әнші Тамара Асар өзі жетектеп алып шыққан қалыңдықты жер-көкке сыйғызбай мақтады.

Қалыңдық әншіні тәрбиесімен, алғырлығымен тәнті етті.

“Мені өте мұқият тыңдады. Әр қимылымды көзбен дұрыстап бақылап отырды. Әуелі “Келіншек” әніммен көпшілікке сәлем еткізуге алып шықтым, әдетте мен келіншекті сүйреп, төменге қолын қысып тартып, ымдап зорға тізесін бүктіріп,басын игізетін едім. Бұл жолы қалыңдық мені сүйреп жүрді. Себебі мен оған той басталмай тұрып “өзің бәрін танисың ғой, өз төркініңе сәлем етіп қойма” деп ескерткенмін. Сол ғой мені сүйреп жүргені. Сосын “Кешін шәй” әніме самаурынмен шәй құйғызуға шықтық. Риза болу былай тұрсын,таң қалдым. Өте ширақ, тиянақты,жинақы қозғалды. Ауылдың үлкендеріне шәй ұсынып,сәлем еткенде әр қайсысының алғысын мұқият тыңдап “әумин” деп жауап беріп, иіліп ишарат білдіріп жүрді”, – дейді әнші.

Тамара Асар өзі демеп, алып шыққан бойжеткеннің бойындағы жақсы қасиеттерді болашақ келінінің бойынан көргісі келетінін жасырмады.

“Қаншама тойға барып, қыз ұзатып,келінге сәлем еткізіп,шәй құйғызып жүрмін. Дәл осындай той кезінде өз-өзін толық басқара алатын, тәрбие көрген, үй шаруасына жұмсалғаны көрініп тұратын, иманы мен инабаты төгіліп тұратын, қағлез, ширақ қалыңдық сирек кездеседі. Көңіліме ерекше күй толып, көзіме жас толып,қобалжып қолын сипай беріппін. Осындайдан бұйырса өзім де дәмелімін ғой… Әдетте той кезінде қалыңдық шәй құймақ түгілі, фатамен, көйлекпен, қобалжу мен жүрекпен, қала берді селфимен, инстамен алысып кетеді ғой”, – деп жазды Тамара Асар.

Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды