Жүргізуші куәлігін алу қиындады – Антикор

14.08.2023, 11:49
1068
Жүргізуші куәлігін алу қиындады – Антикор Tengrinews.kz

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережесі өзгертілді, деп хабарлады Антикор.

Агенттік ІІМ-мен бірлесіп, арнайы ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізді. Оған бірнеше жыл бойы көліктерді заңсыз ресімдеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеудің жүргізілуі себеп болды.

Антикор тексеріс барысында көліктерді заңсыз тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру шарттарын анықтады.

Ақпараттық жүйелердің осалдығы, процестерді жеткіліксіз цифрландыруы, автокөлікті тіркеу рәсімінің жетілдірілмегені, емтихандарды қабылдау рәсімінің құқықтық олқылықтары, автомектептерде атүсті оқыту – осы факторлардың барлығы заңсыз делдалдық қызметтердің пайда болуына ықпал етті.

Мониторинг нәтижесі бойынша агенттік уәкілетті мемлекеттік органдарға 22 ұсыныс жолдады.

Бүгінде ұсыныстардың жартысынан көбі орындалды.

Мәселен, ІІМ өзінің барлық аумақтық бөлімшесінде көліктердің дерекқорын түзетуге қолжетімділікті жапты.
Сондай-ақ Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәліктерін беру рәсімі күшейтілді. Онда емтихан алушылардың міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процесін бейнетіркеу енгізілді, емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді.

Пилоттық режимде арнайы ХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды. Жүйеде автомобильдердің деректерін, міндетті төлемдер мен алымдарды, айыппұлдарды автоматты цифрлық салыстыру тетіктері көзделген, кез келген түзету үшін мүмкіндіктер алынып тасталды.

Сонымен қатар арнайы ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық субъектілеріне жатқызу ұсынылды.
Заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды рәсімдеуге көмек ұсынатындар әлі болуы мүмкін.

«Көмекшілердің» заңсыз қызметтеріне жүгінбеуіңізді сұраймыз. Сіз осындай фактілерге тап болсаңыз, онда 1424 (Антикор) нөміріне дереу хабарлаңыз.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады