Қару тапсырған қазақстандықтарға мемлекет 84 млн теңге төледі

14.08.2023, 12:52
608
Қару тапсырған қазақстандықтарға мемлекет 84 млн теңге төледі smartnews.kz

Ел тұрғындары 1,2 мыңға жуық қаруды ерікті түрде тапсырды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Биыл халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы 10 сәуірде басталды. Оны өткізуге республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінгі күні полицияға ерікті түрде жалпы соммасы 84 млн болатын 1 181 бірлік қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрілер тапсырылды», - деді басқарма бастығы министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингте.

ІІМ өкілінің атап өтуінше, полиция департаменттері алдын ала ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында бөлінген қаражаттың игерілуіне байланысты акция тоқтатылған.

«Талдау көрсеткендей, қарудың ең көп тапсырылғаны Түркістан облысында – 187, Жамбыл облысында – 134, Қызылорда облысында – 94, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында – 60 бірліктен астам. Азаматтардың заңсыз сақталған қару-жарақты ерікті түрде тапсыру тәртібі Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес жүргізіледі. Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде өтемақыға тапсыруға ниет білдірген азамат, егер оның әрекеттерiнде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», - деді Асылбек Ыдырысов.

Сондай-ақ басқарма бастығы өз еркімен қару тапсырғандар қанша теңгеден өтемақы алғанын айтты.

«Қаруды өтемақыға тапсырғаны үшін төленетін төлемдер мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мыңға дейінгі аралықта болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді», - деді ол.

Мәлім етілгендей, криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш зат ретінде танылмаған, ІІМ базасында «Тіркелген қару» және «Криминалдық қару» есебінде тұрған қару-жарақтарға, қолдан жасалған, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын патрондарға сыйақы төленбейді.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты