"Оранған қыздардан көңілім қалды": Бақыт Шадаева хиджаб киген әріптестеріне қатысты пікір білдірді

14.08.2023, 13:47
667
"Оранған қыздардан көңілім қалды": Бақыт Шадаева хиджаб киген әріптестеріне қатысты пікір білдірді bakhyt_shadayeva

Белгілі әнші Бақыт Шадаева Nege.kz сайтына берген сұхбатында хиджаб киген қыздарға бірнеш рет алданып қалғанын айтты.

“Өнерде жүрген біраз жастардың алды дінге келген соң сахнаны харамға санай бастады. Бұған не дейсіз?” деген сауалға өнер иесі: “Су ішкен құдығыңа түкірме" деген бар. Егер сахнаны харамға баласа, өздері сол харамнан шыққан жоқ па?! Талантты Құдайдың өзі берсе, ол қалай харам болады? Нағыз харам – ол екіжүзділікте. Үлкен еңбекпен жеңіске қол жеткізген адам әр жетістігінің қадірін біледі. Қазіргі жастардың еш нәрсенің қадірін білмей, таңдауынан танып шығатыны – барлығына оңай қол жеткізгенінде. Дипломды сатып алған адамның мамандығына адал болуы екталай. Ал нағыз әртіс өнерге ынты-шынтысымен ұзақ жылдық дайындықпен келеді. Ондай жандар сахнадан сүйресең де кетпейді”, – деп жауап берді. 

Әнші хиджаб киген қыздарға сенуден қалған.

“Шынымды айтсам, өз басым хиджап киген қыздардан көңілім қалған.  Адал болар деп, оранғандан талай үй тазалаушы алып, тақырға отырып қалдым. Ата-бабаларымыз да намаз оқып, құлшылық етіп өтті ғой. Бірақ "жан баласына адал бол", "ешкімнің ала жібін аттама" деп, ар мен ұжданды, ел мен жерді алға қойған жоқ па? Түбі осылай кете берсек Ауғанстанның күйін кешеміз бе деп қорқамын. Одан да оқып біліп алып, өнер үйреніп, ғылым мен технологияның көзін тауып, алға жылжудың қамын ойластырайық”, – дейді Бақыт Шадаева.

«100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты