Ұлытау облысында "Қазақмыс" кеншілері ереуілге шықты

14.08.2023, 17:31
718
Ұлытау облысында "Қазақмыс" кеншілері ереуілге шықты azattyq.org

Ұлытау облысында "Қазақмыстың" жүзден астам жұмысшысы наразылыққа шығып, кен орнының басшылығына бірқатар талаптарын жеткізді.

Кеншілер корпорация басшылығына төмендегідей талаптарды қойды:

1)еңбек жағдайын жақсарту;
2) мүгедектік пайызын 29-дан 50 пайызға дейін арттыру;
3) жақында кәсіпорында қайтыс болған жұмысшы Е. Ербосыновтың ұлын жұмысқа алу;
4) демалыс күндерін 48 күннен 54 күнге дейін созу;
5) жұмысшылардың бір жарым жыл еңбек өтілін есепке алу;
6) ескі тау-кен жабдықтарын кондиционері бар жаңа қондырғыларға ауыстыру;
7) шахталарға жұмысшылар қабылдау;
8) жұмысшы жетіспеушілігін түсіндіру.

Сондай-ақ наразылық акциясын ұйымдастырушылар медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды және шахтерлар күніне орай 100 мың теңге көлемінде сыйақы төлеуді сұрады.

Жұмысшылардың наразылығына компанияның баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«2023 жылғы 14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатқанын хабарлады. Мән-жайды білу анықтау мақсатында «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура және жергілікті атқарушы билік өкілдері оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» ЖШС басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ресми ақпаратта өңірлік жедел штабтың құрылғаны айтылады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды