ШҚО-да қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкетті
Шығыс Қазақстан облысында қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Бородулиха ауданында қатты соққан желден мектептің шатыры бүлінген. Бұл туралы аудан әкімдігінен мәлім етті.
«Песчанка ауылындағы дауылдың салдарынан орта мектеп ғимаратына зақым келді. Нақты айтқанда, жел құбырды бұзып, шатырдың бір бөлігін ұшырып әкетті. Қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.