"Айтуға ұялатын сөздер бар": Саят Медеуов сахнаға шығып білгенін істеп жүрген әншілерді сынап тастады

15.08.2023, 11:32
601
"Айтуға ұялатын сөздер бар": Саят Медеуов сахнаға шығып білгенін істеп жүрген әншілерді сынап тастады stan.kz

Танымал әнші Саят Медеуов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қазіргі қазақ эстрадасының мүшкіл жағдайы туралы айтты.

“Қазір білгенін істеп, сахнаға кез келген дүниені айтып шығу үрдіске айналды. Қазіргі әндердің сөздері өте өрескел, айтуға ұялатын сөздер бар. Сол әндерге рұқсат беріп отырған біздің мемлекетке бәрібір. Былай айтқанда, бет-бетімізбен кетіп жатырмыз. Әркім халықтың алдына қалай шыққысы келеді, солай шығып жатыр. Сондықтан бұл дүниеге тосқауыл қоймаса ертең кеш болады. Өкініп қаламыз. Халықты тәрбиелейтін өнер, әдебиет, театр, ән, би өнері, спорт. Мұның бәрін дұрыс жаққа қарай бұру керек. Бәрі қалаған әнін айтып, қалаған киімін киіп сахнаға шығып жатыр. Халықты тобыр демей ме? Тобыр екенбіз деп өзімізді-өзіміз жамандыққа итермелейміз бе? Адам өз жеке басы, мүмкін ойнап-күліп, ішіп, қыдырғысы келетін шығар. Ол жеке өмірі, онда менің шаруам жоқ. Бірақ оны сахнаға алып шығу – қателік”, – дейді Саят Медеуов.

Әнші сондай әндердің мәтінінен бірнеше сөздерді мысалға келтірді. Алайда ол әнді орындайтын әріптестерінің атын атаудан бас тартты.

“Құйрығыңды қысып жүр” деген не деген сөз? Кім айтатынын білмеймін. “Қаншық” деген сөздер бар. Айта берсең, көп. Оны тәрбиелеудің еш қиындығы жоқ деп ойлаймын. Бізде фонограммамен күресу керек дейді. Фонограммамен емес, жаман әнмен күресу керек. Жаман әнмен күреспесек, біз оңалмаймыз. Себебі халықтың құлағына оттаған, болмайтын дүниелерді құйып жатырмыз. Мемлекеттік тұрғыдан жаман әндер айтуға заңмен тыйым салу керек. Қазір әншілер халыққа танымал болудың әлегімен жүр”, – дейді өнер иесі.

Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды АҚШ Барлау қызметі: Иранның ядролық нысандары толықтай жойылды! 15 жастағы вандалдың анасы ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады (ВИДЕО) «Құжатта Ресей ұзақмерзімді қауіп ретінде көрсетілген»: НАТО қорғаныс шығындарын арттыратын болды