Министр баланы кезекке қою тәртібі мен тәрбиешілер жалақысына тоқталды

15.08.2023, 12:24
851
Министр баланы кезекке қою тәртібі мен тәрбиешілер жалақысына тоқталды smartnews.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тәрбиешілердің еңбекақысын арттыруды тапсырған болатын. Биыл 1 қыркүйектен бастап тәрбиешілердің жалақысы 30% - ға көтеріледі. Бұдан басқа, мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың бөлінуін ашық жүргізу үшін жыл соңына дейін «Балаларды кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы» әзірленуде. Оны толықтай іске қосу жылдың соңына дейін жоспарланып отыр», - деді министр.

Еліміздегі барлық мектептерде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.  

«Президенттің 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау мәселесі Үкімет деңгейінде бірнеше рет қаралды. Бүгінгі күні осы тапсырманы орындау үшін барлық өңірлердің әкімдіктері тарапынан қажетті қаржы бөлінді. 1 қыркүйектен бастап 1 млн 400 мың бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтанады. Асханасы жоқ мектептерде Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп тамақтандыру 3 тәсілімен ұйымдастырылатын болады: кейтеринг қызметін ұйымдастыру, модулді асханаларды құру, буфеттік тамақтану», - деді министр.

Биыл колледждерге 133 мың грант бөлінді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.  

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырысты ұлғайту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда 133 мың грант бөлінді. Оның 60% техникалық мамандықтарға бағытталды», - деді министр. 

Колледж студенттерінің стипендиясы өседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.  

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейінен 50%-ға артады», деді министр.

 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады